Е әрпі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Етіл мен иектің сәл төмен түсіп, жақтың тар ашылуынан жасалатын қысаң дауысты дыбысты таңбалайтын әріп. "Е" тіл қатысына қарай тіл алды, айтылуына қарай жіңішке, ерін қатысы жағынан езулік дыбыс. Сөздің барлық буынында кездеседі (ел, еле, ереже). Сөз басында дифтонг (й-е) болып айтылады (йел, йертең), ал дауыссыздан кейін "Э"-ге ұқсас естіледі. Сөз ортасында дифтонг түрінде келмейді (кереге, шеге). Сөздің бірінші буынында еріндік дауысты дыбыс болып келгенде, Е фонемасы "Ө" дыбысына жуықтайды (айтылуы: өлөң, сүзөген, көбөлек, жазылуы: өлең, сүзеген, көбелек).<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}scn:E sq:E