Еңлік-Кебек ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Enlik-Kebek Monument.JPG
Еңлік-Кебек ескерткіші
Сурет:Еңлік Кебек кесенесінде орнатылған тас.jpg
Еңлік Кебек кесенесіне орнатылған тас

Еңлік-Кебек ескерткіші. Махаббат мұнарасы — билер сотының кесімі бойынша 1780 жылы шілдесінде құрбан болған қос ғашық — Еңлікпен Кебектің зиратына қойылған ескерткіш мұнара. Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Ералы жайлауының шығыс жағында, Семей — Қарауыл тас жолынан 5 км жерде.

Сурет:Еңлік-Кебек кесенесі (ескерткіші).jpg
Еңлік-Кебек кесенесі (ескерткіші)
Сурет:Махаббат мұнарасы.jpg
Махаббат мұнарасы, Семей қаласы

Ескерткіштің қазіргі тұрған жері бұрын “Шұбартөбе” аталған. Ол ғасырлар бойы жаугершілік уақытта қарауыл қарайтын, ас пен тойларда бәйгеге қарақшы тігіп, көмбе болатын жиын орны болған. Оның басындағы Еңлік-Кебек ескерткішінің өз тарихы бар. 18 ғасырдың 80-жылдарында сүйіп қосылған екі ғашықты мейірімсіздікпен ат құйрығына сүйретіп өлтіруші топ олардың денесін өздерінің ақтық тілектері бойынша бірге көмеді. Келесі жылы Шұбартөбені қоныс еткен рулар Еңлік пен Кебектің қабірін таспен сандықшалап, қайтыс болған ағайындарын “ер-азамат жалғыз жатпасын” деп сол араға жерлейтін болған. Сөйтіп, бара-бара Шұбартөбе үлкен қорымға айналады. 1875 — 80 жылы Абай ауылына қонақ болып, тобықты елін аралаған Біржан сал Ералы бойын жайлайтын мамай руындағы Салсары (Смағұл Мақышұлы) мен Құсайын Бейсенұлы деген атақты тоғызқұмалақшы, домбырашы, әнші салдарға сәлем бере келген жолы Еңлік — Кебек бейітін көреді. Келесі жылы Біржанның тапсыруымен Рыскелді деген тас қалаушы шебер Еңлік — Кебектің қабірін сандықшалап, басына құйма кірпіштен шағын мұнара тұрғызған. Қабір сандықшасының тұрқы тұтас, құбыла жақ басы екі айыр болған. Бұл қабірдегі адамның екеу екендігін білдірген ишара болса керек. Кейін мұнара құлап, оның ізі ғана қалған. . «Абай жолы» романында «Ералы жазығындағы кішкене төбе» деп суреттелетін мұнда күллі ғашықтар символы болған Еңлік-Кебек мазары бар. «Көп жасамай, көк орған, Жарасы үлкен жас өлім» деген Абай сөзі құлпытасқа қашалыпты.

1960 ж. Абай ауданының тұрғындары Еңлік пен Кебек бейітінің басына қазіргі жаңа ескерткішті тұрғызды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер