Ешкітау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ешкітау – Жалпы Сырттың оңтүстігіндегі үстіртті қырат. Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында. Абсолюттік биіктігі 259 м. Қыраттың беті жонды келген, оңтүстік беткейі тік жарқабақты, сай-жыралармен тілімденген. Бор, мергельді шөгінділері жапқан палеогеннің құмды саздақтарынан түзілген. Таудан Дерқұл өзенінен бастау алады. Беткейінің қызыл қоңыр топырағында бетеге, боз, жусан өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.
<ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references />