Ешкісасыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ешкісасыр (Cryptodіscus) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың құмды, құмдақты жерлерінде, тау беткейлерінде өсетін 4 түрі (қосдана Ешкісасыр, құмдық Ешкісасыр, құмшыл Ешкісасыр, Тымыр Ешкісасыр) бар. Бұлардың биіктігі 30 – 80 см, сабағы тік, ұсақ қырлы, сыртын түк басқан. Жапырақтары қысқа сағақты, тамыр түбінен шығады, сабағы сияқты түкті. Тостағанша жапырақшалары тіссіз, күлтелері ақ түсті. Гүлдері 10 – 15-тен бірігіп, шатырша гүлшоғырына топталған. Шатыршалары 5 – 7 сәулелі. Сәуір айында гүлдеп, мамырда жемістенеді. Жемісі жеміссағағынан екі есе қысқа. Тұқымы іш жағынан оймалы келеді. <ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ешкісасыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}