Ефим Ефимович Арон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ефим Ефимович Арон (1906-1970), кинорежиссер. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (1944). 1926 ж. Мәскеудегі А. Роомның киношеберханасын бітірген соң, қызметін сол жылы режиссердің көмекшісі ретінде бастады. Қазақстандағы темір жол құрылысына арналған «Түрксіб» фильмін қойды (1929), сцеранийін А. Мачерет, В. Шкловский, В. Туриндермен бірге жазды. Осыдан бастап оның шығармашылық жолы қазақ киноөнерімен байланысты болды. А. режиссурасымен көркем фильмдер мен деректі киноочерктер түсірілді. 1945 ж. Әуезовтің қазақ халқының ұлы ақыны туралы романы негізінде «Абай әні» көркем фильмін қойды (Г. Рошальмен бірге). 1967 ж. осы фильмнің жаңа нұсқасын жасауға қатысты. Бұл туралы, сондай-ақ фильмді алғаш түсірген кезде ұлы жазушының ақыл-кеңесі, көмегі жөнінде «Абай әнінің» жаңа редакциясы» деген мақаласында жан-жақты баяндады («Алма-Атинская кинонеделя», 1967, 11-17 желтоқсан). Арон қойған фильмдер қазақ халқына тән ұлттық бояу мен тұрмыс көріністерін шынайы бейнелеумен ерекшеленді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ефим Ефимович Арон|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}