Ефим Арон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ефим Арон (30.12.1906 жылы, Лат. ССР-і, Лудза қаласы. — 8.10.1970 жылы Алматы қаласы) — кеңес кинорежиссері. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

1926 жылы Москва қаласындағы А. Роомның киношеберханасын бітірді. Кинодағы қызметін сол жылы режиссердің көмекшісі ретінде бастады. Қазақстандағы темір жол құрылысына арналған "Түрксіб" фильмін қою мен оның сценарийін жазуға (1929 ылы, А. Мачерет, В. Шкловский және В.Туринмен бірге) қатысты. "Дала әні" (1930) мен "Тоннель" (1934) фильмі сценарийлерінің авторы.

Ұлы Отан соғысы жылдары Әскери киножинақтар (194142) шығару жұмысына атсалысты. Бұдан басқа қойған Көркем фильмдері "Абай әні" (1945. Г.Рошальмен бірге), "Алтын мүйіз" (1948), "Ботагөз" (1958), "Асау Ертіс жағасында" (1959), "Еңлікгүл шешек атқан жерде" (1965, Ш.Бейсембаевпен бірге) және документті киноочерктері "Біз металлургтерміз" (1962), "Бәріміз де шекарада сақшымыз" (1962). Арон қойған фильмдер Қазақ халқына тән ұлттық бояу мен тұрмыс көріністері шынайы бейнеленуімен ерекшеленеді.

Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталтан. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1944).

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}