Еуропа орманшөбі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Sanicula europaea 050606.jpg
Еуропа орманшөбі

Еуропа орманшөбі (Sanіcula europaea) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Алтайдағы Үбе қыратында кездеседі. Биіктігі 40 – 80 см, сабағы жіңішке, түзу өседі. Жапырақтары ұзын сағақты тамыр түбінен шығады. Жапырақ табақшалары жүрек немесе бүйрек пішінді, 3 – 5 бөлікке бөлінген, шеті тісті. Ең жоғары жапырағы отырыңқы. Гүлдері сабақ ұшында домалақ шатырша гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі домалақ, тікенді. Еуропа орманшөбі өте сирек кездесетін реликт өсімдік, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

<ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub