Еуропаға табынушылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еуропаға табынушылықЕуропа мәдениетін басқалардан жоғары қойып, ғылымның, техниканың, өнердің, философияның және т.б. мәдениет салаларының шынайы көрінісі тек Еуропада ғана дамыды дейтін пікірді ұстанатын тұжырымдама. Еуропаға табынушылықтың негізі грек-рим өркениетін “тағыларға” қарсы қоюда жатыр. Орта ғасырлардағы Еуропаға табынушылыққа Рим мен Рим папасы жер жүзінің рухани бастауы ретінде қарастырған католиктер идеологиясы тән болды. Еуропаға табынушылық басқа елдерді жаулап алу барысында идеол. негіз болды. Еуропаға табынушылық идеялары Пруссия империясының басқыншылық әрекеттерін бостандық пен мәдениеттің жүзеге асырылуының шынайы көрінісі ретінде түсіндірді. Еуропаға табынушылық идеялары Гегель философиясында, Еуропаның мәдениетінен басқаны мойындамаған француз тарихшысы Ж.Мишленің және т.б. көзқарастарында орын алды. Оның сәл өзгерген түрі Шпенглер мен Тойнбидің теорияларында да кездеседі. Олар жеке мәдениеттердің байланысы мен сабақтастығын теріске шығарады. Еуропаға табынушылық технократиялық бағытта дамыған Еуропа өркениетін дәріптейтін ілімнің негізі болды. Еуропаға табынушылыққа қарсы әлем мәдениетінің негізі шығыста жатқанын дәлелдеуге ұмтылған “шығыс центризмі”, негрлер мәдениетінің артықшылығын көрсететін “негритюд” теориясы және т.б. болды. Монтескье, Вольтер, Гердер, Гете тәрізді Еуропаның озық ойшылдары Еуропаға табынушылықты мойындамай, бүкіл адамзаттық мәдениет туралы пікір ұсынды.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еуропаға табынушылық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}