Еуропадағы қоршаған орта жөніндегі үйлестіруші ақпараттық жүйе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еуропадағы қоршаған орта жөніндегі үйлестіруші ақпараттық жүйе (корине) (Coordination of Information on the Environment)— 1985 ж. құрылған.

Қатысушылары

ҚатысушыларыЕуропалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер.

Мақсаты

Мақсаты — қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату жөніндегі аймақтық желіні қалыптастыру; ұлттық бағдарламаларды үйлестіру, халықаралық ақпарат алмасуды жақсарту; анықтамалардағы, номенклатурадағы және жүйенің басқа элементтеріндегі келісімділікті қамтамасыз ету.

Негізгі қызметі

Негізгі қызметі — табиғат қорғау үшін маңызды мәні бар 6000 телімді және 13 мыңға жуық жоспарланған аумақтарды түгендеу; Еуропадағы мекен орта типтерін саралауды өткізу; кодтау және әдістеме жүйесін сипаттау; ақпараттық қызмет көрсету (мәліметтердің жалпы базасына қол жетуі, коршаған ортаның жекелеген құрамдастарын арнайы бағалау немесе зерттеу, табиғат қорғау саясатын қалыптастыру, ұлттық және аймақтык ауқымдарда әсерлерді модельдеу жөніндегі ұсыныстар); тіркелімдер, көрсеткіштер, каталогтар.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еуропадағы қоршаған орта жөніндегі үйлестіруші ақпараттық жүйе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}