Еуропадағы жабайы фауна мен флораны және табиғи мекен ортаны қорғау жөніндегі конвенция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еуропадағы жабайы фауна мен флораны және табиғи мекен ортаны қорғау жөніндегі конвенция (Берн конвенциясы) (Convention on the Conservation of European Wildlife and Natural Habitats) — 1979 ж. Бернде (Швейцария) құрылған.

Қатысушылары

Қатысушылары — 23 мемлекет, Еуропалық экономикалық қоғамдастық.

Мақсаттары

Мақсаттары — жабайы фауна мен флораны және олардың табиғи мекен ортасын, әсіресе қорғалуы бірқатар мемлекеттердің ынтымақтастығын талап ететін түрлер мен мекенортаны сақтау; осындай ынтымақтастыққа жәрдемдесу.

Негізгі ережелері

Негізгі ережелері — популяцияларды экологиялық, ғылыми және мәдени талаптарға сай келетін деңгейде сақтау жөнінде қажет шаралар қолдану; құрып бара жаткан және азайып калған түрлер мен мекенорталарды қорғау жөніндегі ұлттық бағдарламалардың жасалуына жәрдемдесу; Конвенцияның орындалуын бақылайтын тұрақты комитет құру.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еуропадағы жабайы фауна мен флораны және табиғи мекен ортаны қорғау жөніндегі конвенция|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}