Еуразиялық Экономикалық Одақ
Үлгі:Infobox Geopolitical organisation
Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО — Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енеді.<ref name=TimeEEU>Үлгі:Cite web</ref>
Мазмұны
Құрамы
Мүшелері:
- Беларусь - (1.01.2015 жылдан), (9 481 000 адам. 01.01.2015 жыл).
- Қазақстан (1.01.2015 жылдан), (17 417 447 адам. 01.01.2015 жыл).
- Ресей (1.01.2015 жылдан), (146 270 033 адам. 1.01.2015 жылдан)).
- Армения (2.02.2015 жылдан), (3 010 600 адам. 31.12.2014 жыл).
- Қырғызстан (8.05.2015 жылдан)<ref>Қырғызстан Евразиялық экономикалық одаққа қабылданды</ref>, (5 874 100 адам. 1.11.2014 жыл).
Үміткерлер:
- Тәжікстан <ref>Тәжікстен және Евразиялық экономикалық одақ «Ховар»</ref>.
Тарихы
Еуропалық Одақ интегрцациясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Владимир Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған,<ref name="yahoo-reuters">Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref> бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын.<ref>Үлгі:Cite news</ref>
2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол қойған.<ref name=bbc18Nov2011>Үлгі:Cite news</ref> Бұл келісім болашақ интеграцияның жол картасын қамти отырып, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның және 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады.<ref name=bbc18Nov2011/><ref name=tut.by>Үлгі:Cite news</ref>
ЕЭО саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылады деп жоспарланған.<ref name=NYTEEU1>Үлгі:Cite news</ref>
Экономика
Еуразиялық Одақ мүшелері үшін макроэкономикалық әсерлері:
- Қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржының азаюы тауарлар құнының төмендеуі алып келеді
- Бәсекелестіктің артуы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттырады
- Үлкен халқы бар нарықтын кұрылуы
Дереккөздер
<references/>