Ет ұлпалары
Жүйке ұлпасы Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының кұрылысы: денеден (бір ядросы бар ортасындағы жуандау бөлігі) қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қыска өсінділері дендриттер көп ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон (грекше «аксис» немесе «ахоп» - өсінді) дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді. Жүйке жасушасын нейрон дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді. Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі, одан денесі арқылы аксонга өтеді. Қозу бағытының сызба нұсқасы - дендриттер дене-> аксон. Жүйке жасушаларының айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары болады, оны «нейрология» (гр. «neuron» - жүйке, «glia» - желім) дейді. Нейроглия нейронды қоршап, қоректік, қорғаныштық, тірек қызметін атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады. Кейде нейрологияны нейронның «серік жасушалары» деп те атайды. Жүйке жүйесі барлық мүшелердің жұмысын басқарып реттейді. Жүйке жүйесіндегі нейрондар мен жүйке талшықтарының арасында қозу тоғысу - синапстар (грекше «synapsis» - қосылу, байланыс) арқылы өтеді. Бұл кезде бір нейронның аксоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады.
Жүйке ұлпасының негізгі қызметі: қозғыштығы және қозу өткізгіштігі. Сыртқы ортадағы түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болатын қозу орталық жүйке жүйесіне беріледі.
Биоэлектрлік құбылыс. Тірі жасушалардың барлығының биоэлектрлік белсенділігі болады, яғни тірі жасушалардың сыртқы жарғақшасында электр заряды бар. Бұл цитоплазмадағы және қоршаған ортадағы оң және теріс иондардың біркелкі таралмауынан іске асады. Соның нәтижесінде кез келген тірі жасуша тыныштық жағдайда сырттай - оң, ішкі жағында (цитоплазмада) теріс зарядталады. Бұл заряд тыныштық әлеуметік немесе жарғақшалық әлеует деп аталады және 60-70 милливольт (мВ) шамада болады.
Жүйке, Бұлшықет және безді эпителий қозғыш ұлпаларға жатады. Бұл жасушаларда қоздырғыш әсер еткен кезде жарғақша заряды өзгереді. Оның үстіңгі бетінде 90-120 мВ электр тогы пайда болады. Ол әрекет әлеуеті деп аталады. Бұлшықеттердегі және эпителий жасушаларындағы «қозу толқыны» таралып, көршілес үлескілердегі жарғакшаларға беріледі. Жүйке жасушалары қозуды бір жасушадан екіншісіне тоғысу (синапс) аркылы бере алады. Қазір бұл үдерістер тірі жасушалардағы мәні мүлде болымсыз электр тогын өлшей алатын аспаптардың жәрдемімен жақсы зерттелді. Мәселен, жүйке қозу толқынының таралу жылдамдығы жүйке талшықтарының түріне байланысты 2-ден 120 м/сек шамасында бола алады. Биоэлектрлік құбылыстар дәл осы электркардиография, электрэнцефалография және т.б. әдістерге негізделген. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref> <ref>Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х</ref>
Дереккөздер
<references/>