Есіркеп Жаманқараұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есіркеп Жаманқараұлы (1696 — 1764) — қазақ-жоңғар және қазақ-қоқан соғысына қатысқан батыр. Қазығұрт тауының өңірінде туып, сол жерде жау қолынан қаза тапқан. Ұлы жүз құрамындағы сіргелі руының байжігіт атасынан шыққан. Анасының есімі — Ақторғын. Ел аузында Есіркеп батырдың Төле биден бата алғандығы туралы аңыз сақталған. Есіркепті батырлыққа, бес қаруды жете меңгеруге, ат үстіндегі шайқасқа Тоғанас батыр баулыған. Сіргелі қолын бастаған Ер Тоғанас қаза тапқанда (1723), Есіркеп батыр сіргелілердің қолбасшысы болып сайланады. Бөгембай батырдың қол астында мыңбасы болған Есіркеп Түркістанды қорғауға (1724 — 25), Ордабасыдағы құрылтайға (1726), Қалмаққырған (1728), Аңырақай шайқасы және т.б. үлкен шайқастарға қатысқаны туралы деректер сақталған. Оның есімімен бірге Елшібек, Қойгелді, Саңырақ, Қасқара, т.б. батырлардың аттары аталады. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында Есіркепке ескерткіш орнатылып (1999), орта мектепке аты берілген. Денесі Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанындағы Кіші ақсарайға жерленген. Құлпытасы сол жерде.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есіркеп Жаманқараұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}