Есіл шебі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есіл шебі– Қазақ даласына ішкерілей ену үшін Ресей империясының 18 ғасырдың басында салған бекіністері. Ресей тарихында “ескі” және “жаңа” Есіл шебі болып екіге бөлінеді. Петр I 1708 жылы Ресейді тұңғыш рет губернияларға бөлді. Губерниялардың жер аумағы жағынан ең үлкені — Сібір губерниясы болды. Ол батысы мен шығысында Орал қыраттарынан Тынық мұхитқа дейін созылып, солтүстіктегі Мұзды мұхитқа, оңтүстіктегі 1711 жылы жасалған Ертіс жағасындағы Большерецк (қазіргі Омбы қаласының солтүстік жағында 200 шақырымдай жерде) — АбатскҚашқарағайОмутМамай елді мекендері арқылы батысқа қарай белгіленген шепке тіреледі. Бұл екінші жағынан, Қазақ хандығының солтүстік шекарасы болатын. Осы шеп 1745 жылы кей тұсында 200, кей тұсында 50 шақырым оңтүстікке қарай жылжытылып, 73 күзет орны арқылы шығысында Ертіс, батысында Орынбор шептерімен жалғастырылды да, бұдан былай, 1711 жылы белгіленген шеп ескі Есіл шебі, соңғысы жаңа Есіл шебі деп аталды. 1752 жылы Есілдің Қызылжар деп аталатын тұсына жаңа Есіл шебінің (“Горькая линия” деп те аталды) бас қамалы салына бастап, оған православие дінінің әулиелері Петр мен Павл есімдері қойылды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есіл шебі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}