Есіл су құбыры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есіл су құбыры , Есіл өзенінің алабында, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары жерінде салынған.

1967 жылы іске қосылған. Жалпы ұзындығы 1740 км. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және жайылымды суландыру үшін салынған. Сергеев бөгенінен басталады. Бастау қондырғыдан құбырға секундына 50 м3 су өтеді. Орташа тәуліктік өнімділігі 60 мың м3. Оның 60 — 70%-ін тұтынушылар пайдаланады, қалғаны құбырларды жууға, тазалау станцияларына жұмсалады және ағып кетеді. Құбыр бір-бірімен технологиялық байланыстағы әр түрлі құрылыстардан тұрады. Жүйеге су 2 сатылы су сорғы және 3 су тазалау станциясының күшімен таратылады. Құбыр арқылы 206 елді мекенге ауыз су жеткізіледі, 2,4 млн. га жайылымдық жер суландырылады.<ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref> Есіл су құбыры 250-ге жуық елді мекенді, 3 аудан орталығын, 7 астық қабылдау пункттерін жөне 7 темір жол станциясын сумен жабдықтайды. 2,4 млн. га ауыл шаруашылығы жерін суландырады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есіл су құбыры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}