Естілу
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Естілу — табиғи немесе антропогенді дыбыс алуында дыбыстарды айыру мүмкіндігі. Мысалы, адамдар арасында тілдік қатынас кезіндегі шу аясында төменгі көрсеткіштермен сипатталады. Шулы фон, Тілдік децибеллмен: қатынастың мүмкіндігі
- 25-тен томен баяу дауыспен сөйлесу
- 25-40 баяу дауыспен сөйлесуде қиындайды
- 40-55 көтеріңкі дауыспен сөйлесуде қиындайды
- 70-90 радиомикрофонмен күшейтілген сөз бен айқай ғана түсінікті
- 90-нан жоғары радиомикрофонмен күшейтілген сөздің өзі түсініксіз
Естілу табалдырығы
Естілу табалдырығы (Порог слышимости) — 0 дБ — 0,0002 микробарға (0,0002 — 1 см2) тең дыбыстық қысым, немесе Вт шамасындағы дыбыс қуаты.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>