Есту сүйекшелері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есту сүйекшелері (слуховые косточки); (ossicula auditus; лат. ossicula — сүйекшелер және auditus — есіту)—ортаңғы құлақтың дабылдық сүйек қуысында орнаұласып, бір-бірімен буын және бұлшықеттер арқылы қозғалмалы байланысқан сүйекшелер. Оларға балғаша, төс, жасымықша және үзеңгіше сүйекшелер жатады. Балғаша сүйекше: бас, мойын және тұтқадан тұрады. Оның басы төс сүйекшемен буынды байланысады, ал тұтқасы дабыл жарғағымен жалғасады. Төс сүйекше: денеден, ұзын және қысқы аяқшалардан құралған.. Оның денесі балғашаның басымен қозғалмалы байланысады. Төс сүйекшенің қысқа аяқшасы дабыл қуысының қабырғасына байламмен бекиді. Ал ұзын аяқшасы үзеңгіше сүйекшемен буын арқылы жалғасады. Буын аралығында кішкентай жасымықша сүйекше орналасады. Үзеңгіше сүйектің басы және табаны болады. Оның басы төс сүйекшемен буын арқылы байланысады. Ал табаны ішкі құлақтың кіреберісіндегі терезені жауып тұрған ішкі дабыл жарғағымен жалғасады.Есту сүйекшелерісыртқы дабыл жарғағының қолғалыстарын ішкі құлақ кіреберісіндегі ішкі дабыл жарғағына жеткізеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есту сүйекшелері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}