Есту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Естуадам мен жануарлар организмінің дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті.

Көптеген жәндіктерге, барлық омыртқалы жануарларға (әсіресе, сүтқоректілерге) тән қасиет. Адам мен жануарлар қоршаған ортадан көбіне биогенді (жануарлардың өздері шығаратын) дыбыстарды қабылдап, оған жауап қайтарады. Есту қабілеті жануарлардың ерекшелігіне, жасына, физиологиялық, экологиялық жағдайына, т.б. байланысты болады. Кейбір жануарлар өздерінен ультрадыбыс толқындарын шығарып, оның кедергіден кері қайтқан жаңғырығын қабылдап, сол арқылы кеңістікті бағдарлайды, қорегін ұстайды. Жоғарғы сатыдағы жануарлар мен адамда есту процесін есту талшықтары (арнайы жүйкелер) атқарады. Сүтқоректілер дыбыс толқындарын құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы арқылы қабылдап, сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақ арасындағы дабыл жарғағын тербеліске келтіреді де, одан әрі өзара байланысқан балға, төс, үзеңгі сүйектеріне (ортаңғы құлақта болатын) беріледі. Үзеңгі сүйегі перилимфа, эндолимфа сұйықтарын (ішкі құлақ ішінде болатын) тербеліске келтіріп, одан дыбыс толқындары кортиев органына беріледі. Тербелген талшық дыбыс қабылдайтын клеткаларды тітіркендіреді. Осы тітіркеністің әсерінен есту рецепторларында қозу толқыны пайда болып, дыбыс толқыны есту талшықтарының орталығына жетеді. Дыбыс есту жүйкесі арқылы алдыңғы мидың самай бөлігінде талданады. Есту сезімталдығы құлақ қабылдай алатын ең кіші дыбыс тербелісімен өлшенеді. Мысалы, адам 16 — 20 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі жиіліктен дыбысты қабылдай алады, ұсақ жәндіктерде 0,2 — 500 кГц, балықтарда 50 Гц — 5 кГц, дельфиндерде 100 Гц — 200 кГц, т.б.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы" 3 том</ref>
Есту органы — құлақ — дыбыс өткізетін және дыбыс қабылдайтын екі бөлімнен тұрады (суретті қараңыз). Дыбыс өткізгіш бөлім сыртқы және ортаңғы құлаққа бөлінеді, олардың арасында дабыл жарғағы бар. Дыбыс қабылдайтын бөлім ішкі құлақтан, есту нервтерінен және самайда орналасқан мидың арнайы учаскесінен (мұны есту орталығы деп агайды) тұрады.

  • Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту түтігі жатады.
  • Ортаңғы құлақта есту сүйекшелері: балғашық, төс және үзеңгіше орналасқан шағын дабыл қуысы бар. Дабыл қуысы евстахиев түтігі арқылы мұрын-тамақ жолымен ұштасады. Адам жұтынған кезде евстахиев түтігі ашылып, мұрын-тамақтан келген ауа ортаңғы құлаққа енеді, мұның дыбысты ішкі құлаққа өткізуге маңызы бар.
  • Ішкі құлақта құлақ құрышы, онда сезімтал есту клеткалары мен вестибуляр аппараты тепе-теңдік органы орналасқан. Дыбыс толқыны есту түтігі, дабыл жарғағы және күллі есту сүйекшелері арқылы құлақ құрышына беріліп, есту клеткаларын тітіркендіреді. Бұл тітіркеніс одан әрі есту нервтері арқылы мидың есту орталығына жеткізіледі.

Адамның сөзді, музыканы қабылдау қабілеттілігі

Құлақтық әр түрлі бөлімдері қабынып ауырғаңда адам уақытша, не мүлдем естімей қалады. Мұрын мен мұрын-тамақ жолдары ауруға шалдыққанда евстахиев түтігі қабынып, соның салдарынан дабыл қуыеына ауаның келуі қиындал, дыбыс өткізгіштігі бұзылады. Евстахиев түтігі ұзақ уақыт бойы қабынып ауырғаңда ортаңғы құлақта жапсырма және тыртық пайда болып, соның салдарынан құлақ көмескі естуі мүмкін. Сондықтан да созылмалы тұмаура шалдыққанда не мұрын-тамақ жолдары қабынғанда міндетті түрде дәрігерге қаралып, құлақтың есту қабілетіне ұдайы зер салып отыру қажет. Әсіресе бала құлағына өте сақ болған жөн. Көп жағдайда бала құлағының мүкістігі аденоидке (тамақ-мұрын бездерінің ұлғаюына) байланысты. Кейде контузия болғанда, бас сүйек жарақаттанғанда, ми қыртысы қабынғанда (менингитте) не қан тамыры склерозға шалдыққанда адам жекелеген дыбыстарды, тіпті музыкалы естуі мүмкін, бірақ сөзді не әуенді тұтас түсініл, ажырата алмайды. Бұл — есту орталығының қабықшасы зақымданғанда байқалады.
Кейбір жағдайда, мәселен, құлаққа құлық қатып, тесігін мүлдем бітеп тастағанда есту нашарлайды, бірақ құлақты тазалағанда ол қайтадан қалпына келеді. Құлақ ішіне бөгде заттар — насекомдар, құлақты тазалағанда мақта т. б. тұрып қалады. Балалар ойнап жүріп, кейде құлағына күнбағыс дәнін, қағаз, түйме, моншақ секілді ұсақ заттарды кіргізіл алады. Мұндайда дереу дәрігерге қарату қажет, өйткені құлақтағы затты дұрыс алмаудың салдарынан оның есту жолы мен дабыл жарғағы жарақаттанып, ортаңғы құлақ ауруға шалдығуы мүмкін. Құлақ қуысын дұрыс тазаламау не үшкір заттармен (шпилька, сіріңке талы) шұқылау салдарынан кейде ол тітіркенеді не есту саңылауының терісі сызаттанады. Сызатқа микробтар түскенде есту саңылауында сыздауық пайда болуы мүмкін; бұл ауру асқынған жағдайда ортаңғы құлақ қабынып, есту нашарлайды. Құлақты саусаққа оралған таза шүберекпен, не сіріңке талына оралған мақтамен тазалау қажет. Құлақ қышыған жағдайда мақтаны әтірге не вазелин майына шылан алады. Егер қышуы басылмаса, дәрігерге қаралған жөн. Құлақтың жөнді естімеуі көп жағдайда ортаңғы құлақтың қабынуына не есту нервтерінің зақымдануына байланысты. Отитті емдеген кезде аурулы одан әрі өршітіп алмас үшін дәрігердің айтқан кеңестерін бұлжытпай орындау қажет. Құлақ ауруға шалдыққанда (бұлақ аққанда және бұлақ ақпай-ақ ауырғанда) ұзақ уақыт емделуді қажет етеді. Инфекциялық ауруларға шалдыққанда тек ортаңғы құлақ қана емес, ішкі құлақ та, есту нервтері мен есту орталығының қабығы да зақымдануы мүмкін. Мұндай асқыну құлақ түбіндегі без қабынғанда, грипп және басқа да инфекциялық аурулар кезінде байқалады; әсіресе тілі шықпаған не тілі шыға бастаған сәбилер үшін бұл аурулар өте қатерлі (құлағы мүкіс баланың тілі де жөнді шықпайды). Бас жарақатынан (әсіресе балаларға қауіпті), ми шайқалуынан кейде құлақ жөнді естімей қалуы мүмкін. Құлақ мүкіетігін дер кезінде, әрі дұрыс емдеу құлақты жөнді не мүлде естімей қалудан сақтап қалады. Мүлде керендікті (не мылқаулықты) емдеу мүмкін емес. Егер жүргізілген емдік шараларға қарамастан бала мүлде естімесе не нашар естісе, онда оны саңырау не мылқау балалардың арнаулы мекемесіне апарған жөн. Құлағы нашар еститіндерге арнайы есту жаттығуларын жасау едәуір көмектеседі. Есту жаттығуларын дауыс зорайтқыш аппараттық көмегімен «ерін қимылы бойынша оқыту» — балашық дыбысты аңғарушылығын дамытып, есту қабілетін толық пайдалануына мүмкіндік береді. Дауыс зорайтқыш аппарат сырттан келетін сөзді де, өз сөзін де естуіне ықпал жасайды. Мұның өзі оны сөзді дұрыс айтуға қалыптастырады. Кәсіптік мамандыққа байланысты кездесетін кереңдік есту органына өндірістегі қатты шумен дірілдің ұзақ уақыт бойы әсер етуінен болады. Бұл ауруға жол бермес үшін өндірісте алдын ала сақтық шаралары жүргізіледі: шу мен дірілді мүмкіндігінше азайту қамын қарастырады, технологиялық процестерді жетілдіреді, т. б. Құлақ мүкістігін одан әрі асқындырып алмас үшін, мұндай адамды шуы аз басқа жұмысқа ауыстырады. Құлақ мүкістігі жазылмаса, есту аппаратын пайдалану қажет. Мұндай аппаратпен көп жағдайда құлақтың есту қабілетін қалпына келтіруге болады. Аппарат .ауа немесе сүйек телефонымен жабдықталған. Сонымен бірге есту көзілдірік де (тек ауа телефоны бар) шығарылды. Құл ағы мүкіс адамға қандай аппаратты қолданудың қажет не қажет еместігін дәрігер шешеді. Есту аппаратын дәрігердің рұқсатынсыз ешқашан пайдалануға болмайды: біреуге оның қажеті болмауы, екіншісіне пайда бермеуі, тіпті зиян да жасауы мүмкін.<ref>Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>