Естелік

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Естелік– әдеби шығарма, мемуар жанрының бір түрі. Естелік — өмірде шынайы болған ірі тұлғалар мен ел тарихында өткен елеулі оқиғалар жайында көзбен көріп, куәгер болған адамдардың сол өткенді еске түсіріп, өз атынан баяндап беруі. Алайда естелікте деректер тарихи еңбектегідей нақтылы берілуі міндетті емес. Естелік автордың өз танымы тұрғысынан баяндалады. Автор естелікте ақиқаттан алшақ кетпей, оны көркемдеп, бейнелеп жеткізуге құқылы. Естелік жанрлық табиғаты жағынан мемуардың күнделік, жолжазба, т.б. түрлеріне жақын. Қазақ әдебиетінде С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. туралы замандастарының естеліктері бар.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub