Есен Ықыласұлы Бидайбеков
Есен Ықыласұлы Бидайбеков (2 қазан 1945 жылы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм ауылында туған) – педагогика ғылымының докторы (1998 жылы), профессор (2002 жылы). Қазақ Мемлекеттік Университеттің (қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) механика-математика факультетін (1967 жылы) және аспирантурасын (1973 жылы) бітірген соң осы оқу орнында инженер-программист болып істеген. 1973–84 жылдары ҚазМУ-да аға оқытушы, доцент, 1984 жылдан Алматы Мемлекеттік Педагогика университетінде (қазіргі Қазақ Ұлттық Педагогика университеті) кафедра меңгерушісі. «Развитие методической системы обучения информатике специалистов совмещенных с информатикой профилей в университетах Республики Казахстан» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмысының негізгі бағыты – кері есептеу математика-физика және информатика мен методикасының теориясы, ғылым мен білім беру ақпараты. Бидайбеков оқу орындарын ақпараттандыру жөніндегі республикадағы көрнекті ғалымдардың бірі. 150-ден астам ғылыми еңбектің авторы.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>
Сілтемелер
1. Бидайбеков жұмыс істейтін Информатика және қолданбалы математика кафедрасы
3. Бидайбековтың журналистпен сұхбаты
Дереккөздер</span>
<references/>