Есен Молданиязов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есен Молданиязов (16.5.1926, Ақтөбе облысы, Ақтөбе ауданы, Ақжар ауылы -2.1.1979, Алматы) - мүсінші. 2-дүниежүзілік соғысқа катыскан. Ташкент көркемсурет училищесінің мүсін бөлімшесін (1957) бітірген. Еңбектері: "Күрес" (1957), "Қорғаныс" (1959), "Композитор М.Төлебаев" (1962), "Ақын Т.Жароков" (1965), "Суретші Ә.Қастеев" (1969) бюстері, Кеңес Одағының Батыры Н.Әбдіровтің ескерткішін (1963; Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Нүркен Әбдіров атындағы ұжымшарда) жасаған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}