Есентай Бердіұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есентай Бердіұлы (1894, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Көкбай ауылы1967, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы) — педагог, халық ақыны.


  • Әуелі ауылда, 1905 — 1910 жылдары Көкбай медресесінде оқиды.
  • 1918 жылы Алаш қаласында (Жаңа Семей) облыстық жер басқармасы ашқан үш айлық мұғалімдер курсында оқыған.
  • 1921 ж. қазақ педагогика. техникумының негізгі бөлімінде бір жыл оқыған.
  • 1918 жылы Қазанда “Жастарға тағылым” деген кітабы шыққан.
  • 1918 жылдан Дос болысында (қазіргі Абай ауданы) мұғалім болған.
  • 1924 — 1928 жылдары ағартушы-ұстаз Т.Жомартбаев негізін қалаған Маян мектебінде Семейден Парфенов Александр Харитонович деген мұғалімді апарып, екі тілде бала оқытқан.
  • 1928 жылдан Қарауыл селосындағы мектептің меңгерушісі болады.
  • 1937 ж. жалған саяси айыппен 10 жылға, 1949 жылы қайтадан тағы да 10 жылға сотталып, 1956 жылы елге оралған. Өмірінің соңғы жылдарын жазуға арнаған.

Шығармалары

  • “Шәкірттерге”
  • “Еңбекшіге”
  • “Октябрь”
  • “Активтерге айтылған жыр”
  • “Мақтаныш”
  • “Ауыл суреті”
  • “Қазақстан табиғаты” т.б. өлеңдерін жазады.
  • “Қыз Жәкен” (1959)
  • “Екі ойшыл” (1962)
  • “Қанды асу” (1968) атты дастандары жеке кітап болып басылып шықты.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}