Есенсары Құнанбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есенсары Құнанбайұлы (1890 жыл, Семей облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылы - 1961 жыл, Семей облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылы) — ақын.

Сәдір ақыннан тәлім-тәрбие алып, он үш жасынан өлең шығарады, халық ауыз әдебиеті үлгілері мен Абай, Әріп, Әсет ақындардың шығармаларын жаттап алып, ел ішіне таратады. Бірнеше жыл Әсет Найманбаевтың қасына еріп, оның ақындық, әншілік мектебінен өтеді. Есенсары айтыс ақыны ретінде де танымал болған. 1939 жылы халық ақындарының республикалық слетіне қатысып, жыр алыбы Жамбылмен сөз қағыстырады. 1945 жылы белгілі халық ақыны Сапарғали Әлімбетовпен айтысқа түседі.

Есенсары — көптеген өлеңдер мен толғаулардың, дастандардың авторы. Оның

  • “Гүлбаhрам — Сәбит”
  • “Қазақ қызы”
  • “Тобағұл батыр”
  • “Бөдес батыр”
  • “Уаббасұлы Сабыржан”
  • “Мәлік батыр” (Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллинге арналған) дастандары
  • “Жеке дара ана” хикаясы жұртшылыққа танымал.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}