Есенжан Табынұлы Оржанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есенжан Табынұлы Оржанов1954 жылы 20 қаңтарда Гурьев облысының Қаратон кәсіпшілігінде туған.

  • Әкесі - Оржанов Табын Қапанұлы, зейнеткер, инженер-мұнайшы. Анасы -Жұбанышева Ұнай Бисенқызы, зейнеткер, мұнай енеркәсібі саласында бухгалтер.
  • В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Мұнай және газ кен орындарын игерудің технологиясы мен кешенді механизациясы» факультетін бітірген (1977) тау-кен инженері. Мұнай-газ ендіру саласында 3 өнертабыстың авторы (2004, 2005, 2007). Қазақ, орыс және ағылшын (сөздіктің көмегімен) тілдерін біледі.
  • «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдың желтоқсан айынан). 1977 жылдан - «Жетібаймұнай» МГӨБ ұңғымаларды жер асты жөндеу шебері, мұнай және газ өндіру жөніндегі шебері. 1979 жылдан - «Маңғышлақмұнай» ӨБ мұнай өндіру бөлімінің аға инженер- өндірісшісі, мұнай және газ өндіру цехының бастығы. 1983 жылдан - «Одақмұнайөндірісхим» ӨБ «Маңғышлақмұнайөндірісхим» басқармасының мұнай және газ бұрғылау мен өндіру үдерістерін кешенді химияландыру цехының бастығы. 1986 жылдан - «Маңғыстаумұнайгаз» ӨБ ұңғымаларды жер асты және күрделі жөндеу цехының бастығы, өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы, мұнай өнімдерін өткізу жөніндегі басқарманың бастығы. 1997 жылдан -\ «Оңтүстікмұнайқұбыры» ӨБ бас директорының орынбасары. 1998 жылдан - «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ ЭО желілік пайдалану қызметінің бастығы. 1999 жылдан - «Кедентранссервис» ЖАҚ Қостанай филиалының директоры, Батыс Қазақстан филиалының бастығы, «Кедентранссервис» ЖАҚ департаментінің бастығы. 2001 жылдан - «Ойл Инжиниринг» ЖШС бас директорының орынбасары. 2002 жылдан - «DZET group» ЖШС тәуелсіз сараптама орталығының Атырау облыстық филиалының директоры, «DZET group» ЖШС тәуелсіз сараптама орталығыныңжер қойнауын пайдалану бөлімі бастығының орынбасары, орталықтық бас директорының орынбасары. 2005 жылдан - «СЕС Технолоджи» ЖШС бас директорының орынбасары. 2006 жылдан - «Қазмұнайгазмаш» АҚ басқармасының терағасы2008 жылдан бері - «КазПетроМаш» ЖШС бас директоры.
  • Әскери атағы - запастағы капитан. Діни көзқарасы - мұсылман. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және саяси әдебиет.
  • Үйленген. Жұбайы - Төремұратова Бұлғаным (1954 ж. т.), үй шаруасында, медицина қызметкері болған. Ұлдары - Оржанов Әнуар Есенжанұлы (1975 ж. т.),мұнайшы, Оржанов Айдар Есенжанұлы (1978 ж. т.), мұнайшы, Оржанов Данияр Есенжанұлы (1985 ж. т.), мұнайшы. 4 немересі бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}