Есенбике

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есенбике — 18 ғасырда өмір сүрген Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже ұлы Кенжеқозыға атастырылған. Алайда Кенжеқозы жастай өліп, Есенбике Айдабол бидің бәйбішеден туған екінші ұлы Малқозының баласы Толыбайға (басқа құжаттарда Төлебайға) ұзатылады. Мәшҝүр Жүсіп Көпеевтің дерегі бойынша, Толыбай кедей адам болған. Ал Ә.Марғұланның жазуынша, Толыбай 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде оққа ұшып, Есенбике баласы Олжабайды Қаратай батырдың тәрбиесіне беріпті. Аңыз бойынша, Олжабай батыр ең алғаш рет сол нағашы атасы Қаратай батырдың туын ұстап, ұрысқа кіреді. Ел аузында есімінің сақталуына қарағанда, Есенбике Олжабайдың батыр болып қалыптасуына көп әсерін тигізген.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есенбике|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}