Есекшөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Есекшөп (Үлгі:Lang-la) – күреңоттар тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.


Көбінесе Американың қоңыржай белдеулерінде өсетін 80-нен астам түрі белгілі. Басқа материктерге Америкада әкелініп жерсіндірілген. Қазақстанда Балқаш – Алакөл ойысында, Іле, Күнгей Алатауларының ылғалы мол жерлерінде, жол бойында, сарбалшықты жерлерде өсетін 1 түрі – екіжылдық Есекшөп(О. bіennіs) бар. Биіктігі 60 – 130 см тамыры жуан, сабағы тік өседі. Тамыр жапырақтары ұзын сағақты, сабақ бойындағылары қысқа сағақты, кезектесе орналасады. Гүлдері жапырақ қолтығына топталған, сары түсті, хош иіс шығарып кешке қарай ашылады. Негізінен түнгі күйе көбелектермен тозаңданады. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, шілде – қазанда жемістенеді. Жемісі – қорапша. Тұқымы көп, ұсақ, қара қоңыр түсті. Жас тамыры кейде тағам ретінде пайдаланылады. Тұқымы олиф жасауға жарамды май береді. Әдемі, хош иісті гүлдері үшін сәндік өсімдік ретінде жиі өсіріледі.<ref>Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />