Есектартқан
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Есектартқан – Кетпен жотасының оңтүстік-батыс сілемі – Қаратаудағы асу.
Географиялық орны
Алматы облысының Райымбек ауданында.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2500 м. Есектартқан арқылы Текес өзені аңғарының жоғары жағынан тауаралық Кеген аңғарына, одан әрі Іле аңғарына өтетін төте жол өтеді.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref>