Есекей Есенқұлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есекей' Есенқұлұлы', Есек-Есет (туған-өлген жылы белгісіз) – Кіші жүз батыры. Руы – адай. 18 ғасырда адай, байұлы руларын бастап, Сауран маңынан Арал теңізінің солтүстік батысына қоныс аударады. Ембі, Темір, Ойыл өзендерінің бойын жайлаған қалмақтарға қарсы халық күресін басқарушылардың бірі болды. Есекей халық күресін басқарған шақ Жоңғар қалмақтарының шапқыншылығынан туған 18 ғасырдың 1-жартысындағы «Ақтабан шұбырындының...» кезі еді. Қалмақтардың қысымынан қазақтар Орта Азия хандықтарын айналып Ембі, Елек бойына бет түзеген болатын. Есекей бастаған рулар Жем өзені бойына қоныстанды. Ел қамын ойлаған батырдың ісі кейінгі ұрпаққа аңызға айналған. Солтүстік Үстіртте Есекей атында топонимдер мен гидронимдер («Есек жал – биік», «Есет құдығы», «Жемнің құяр саласындағы арал», т.б.) көп сақталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есекей Есенқұлұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}