Есей би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есей Алдамұратұлы (1693-1740) Ұлы жүзден шыққан белгілі беделді би болған. (соңғы бір деректе есімі Есейхан деп аталады) Қазақ шежіресінде оның ата-тегі былай таратылады: Үйсін Бәйдібек батырдан Ысты руы, одан Ойық , Тілік рулары тарайтыны белгілі. Соның Ойығынан - Қызылқұрт, Аузы-үсіген, Көкшекөз, Сәтек келеді. Қызылқұрттан - Ұлан, Алдамұрат, Есіркеп туады. Есей Алдамұраттың бел баласы. Есей жас кезінен насат батыр тұлғалы, әрі ақылды, есті боп ер жетеді. Оны батырлыққа, ақындыққа, шешендіққе алғашқы баулыған өзінің батыр, би әкесі мен сол елдің анасы аталған үлкен әжесі, сол өңірдің алып тұлғалы батырлары, би-шешендері екен. Есей жігіт кезінде-ақ ел билігіне араласып, өзінің әділ де, алғыр, тапқыр сөзімен ел аузына ілігеді. Оның палуандығы, додапаздығы, мергендігі, ат бапкерлігі жөнінде аңыздар көп айтылады.

...Есей Алдамұратұлы Ысты, Ошақты, Дулат, Иса, Мұса елдерінде би болған. Ол аумалы-төкпелі заманда көшпелі халықтарды қоныстандыруға елеулі еңбек сіңірген. Жетісу, Шу, Талас өзендерінің, Шымкент, Ташкент, Түркістан, Сырдария бойларын түгел аралаған. Сыртқы (жоңғар, қоқан т.б.) шапқыншылығынан тоз-тоз болып кеткен елдің басын біріктірген.

...Есей атамыз батыр тұлғалы, халық қамын ойлайтын қайырымды, мейірімді кісі болыпты. Сонау бір заманда Түркістан шаһары қазақ хандығының орталығы болып дүрілдеп тұрған кезде өз мекені Қаратаудың теріскейінен (Жамбыл облысы) ары-бері өте жүріп, бір қонысқа тұрақтай алмай көшіп-қонып жүрген көшпенділерді көріп, Есей ата орталықтағы өкімдерге сөзін өткізе отырып, біраз елді осы күнгі Ойық станциясына, Қарасу, Сасық, Үлкен Бөген өзендері жағасына орналастырып, отырықшы елге айналдыру жолында баға жетпес еңбек сіңірген, қамқоршы болған екен".<ref>"Алғабас" 7 маусым 1990</ref>

Бұл естелікті жазып отырған сол Есей бидің ұрпағы Әбу Әбдірайымұлы, ол еңбек және соғыс ардагері, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян селосында тұрады.

Есей би әсіресе, Төле би төңірегінде көп жүрген. Екеуі туыстық жағынан да, шешендік билік жағында бір-бірін қадірлеп сыйлаған. Демек, екеуінің ойы бір жерден шығып тұрған. Төле мен Есейдің кейінгі ұрпақтары мынадай бір әңгімені айтады:

Ташкент шаһарындағы қазақ, өзбектер басы Төле биден бастап көңілдегі бетке ұстар тәуірлерін қонаққа шақырады. Бұл меймандықта Есей би болмай қалады. Есей қасына ерткен би, қосшылармен Жетісу, Балқаш жағын аралап сапар шегіп кеткен екен.

Дастарқан үстінде өр қырлы әңгімелер айтылады. Алты әйел алған Есей бидің бір әйелі Ташкент шаһарындағы өзбектің бір өкімінің қызы болады. Қазақ салтын білетін өзбектер Есейді күйеу деп сынайтын көрінеді. Осы отырыста Төлені сынау үшін өзбектің бір байы ойда жоқта Төле биге "Есей қандай адам?" дейді. Сонда ол:

Есей, ат сүрінгенше амал табады

Қас қағым сәтте қайрат көрсетеді.

Есей би, жанып тұрған жалын ғой,

Жалпы өзбекке мөлім ғой, - депті.

Тағы біреу - Есей сіздің неңіз? - депті. Төле би:

Есей әрі батырым, әрі ақылым,

Елдің сүйеніші - Есей

Ешкімге есесін жібермейтін,

Халықтың тіреніші - Есей

Сөзге шешен ақыным.

Жауды бүлдіретін де - Есей

Жауға алдырмайтын,

Дауды тындыратын да - Есей,

Жанашыр жақыным. - деп, сөзділерлегімен ағылта жөнелген Төле биге отырған жұрт аң-таң қалған екен.

Бұл әңгімені Өтеев Серпен мен Бейсенбаева Қалипа, Бөлішев Имберді, Төстікенов Усібөлі, Айболов Түрғанбайдан жазып алушы Тоғабай Бегалиев 1945 ж.

Кейбір деректерге қарағанда, Есей батыр Түркістан төңірегіндегі көптеген игі жақсы ел басшылары, батыр, хан, билермен бірге үзеңгілес жүрген. Оның Төле би, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен бірлесе қимылдап жауға қарсы күрескен ерліктері ел жадында қалған. "...Түркістанның жағдайын естіп жол-жөнекей қазақ батырларын өзімен бірге ерте келген Қабанбай бірден халық жасақтарын үйымдастыруға бел шеше кірісіп кетеді. Олар бірнеше мыңдаған адамды жасақтап үлгерісімен, халық қарсылықтарына ұшырап, арындары қайта бастаған жаудың бетін қатты серпіп тастайды. Осылай сөл-саябыр тапқан жағдайды жақсы пайдаланған Кабанбай батыр Қожа Ахмет Иассауи ғимаратының алдына жиналған қалың жұртқа Айшыбек батырды басшы етіп қалдырады да, өзі кідірместен Кіші жүз қазақтарынан қалың қол жинап келуге аттанады".<ref>"Қазақ өдебиеті", 18 қаңтар 1991</ref>.

Арқа, Аягөз жағынан Түркістанға бет алған Қабанбай, Бөгенбай батырлар өздерінің қолымен жол-жөнекей Жетісу, Шу, Талас, Боралдай бойын билеп тұрған тұстасы Есей биге соғып бас қосқан. Сөйтіп олар жоңғар шапқыншыларын қалай жеңудің жолдарын қарастырған. Сол жолы Есей би де ел жігіттерін жинап, өзі де атқа қонған. Олар жолындағы Бөген, Шаян, Арыстанды, Қарабас өзендері және Төрткүл бойындағы елдерден жігіттер жинап жасақтарын толықтырған. О л елдердің Жарықбас батыр, Досай би оның інісі Қосай тағы бірқатар ер азаматтары оларға қосылған. Бөрі Түркістанға қарай бет алған. Есей бидің шыққан тегі, ел үшін сіңірген еңбегі жөнінде жоғарыда аталған Т. Бегалиев, Ә. Әбдірайымов. С. Ғаббасовтың ой-пікірлерін толықтыра түсетін тағы бір дерек табылып отыр. Енді сол естелік - дерекке назар салайық:

- Мен туғанда атымды азан шақырып Дәулетберді қойыпты. Дәулетберді арғы бабамыз екен. Ол кісі атақты Есей бидің мың басы бопты. Қаратаудың терсікей, күнгейіндегі қалың елді билеген Есей би бұрыннан мекендеп келген Төрткүл даласына мал, жаны сыймай сонау Шу, Талас жағына қоныс аударғанда Дәулетбердіні де бірге ала кетіп, Сарысу бойындағы ауылдарға мың басы етіп қояды. Ол екеуі ағайынды кісінің баласы екен. Ертедегі қариялардан қалған шежіре бойынша Ысты Жауатардан Қосмағамбет, Досмағамбет тарайды. Әкесі екеуіне енші үлестіргенде Қосмағамбетке ойық, Досмағамбетке тілік ен салып береді. Содан екеуінен тараған үрім-бұтақ Ойық, Тілік атанып кетеді. Сол Ойықтан Қызылқұрт, Көкшекөз (шын аты Орбай), Аузыүсіген (Зорбай), Сөтек рулары өрбиді. Қызылқұрттан Алдамұрат одан Есей. Ал Құралайдан Қойшыбай одан Бәйгел одан Досай, Қосай, Дәулетберді бабаларымыз тарайды. Сонда Есей мен Досай, Қосай, Дәулетберді тетелес туыс болып шығады ғой...

Бұл шежіре - естелікті жазып қалдырған сол Есей, Досай, Дәулетбердінің ұрпағы Дәулетберді Әбдіұлы. Ол кісі көп жылдар бұрын Шаян ауданынын Жүзімдік МТС-ында бас бухгальтер боп істеген.

Есей, Досай, Қосай, Жарықбас, Жиеншора, тәрізді ерлердің ел қамқоры болған батырлыты жөнінде ел арасында аңыздар көп. Солардың бірі былай айтылады.

Қаратаудың қойнауындағы Ақтастыда болған соғыста Жарықбас пен Жиеншора аздаған жігіттерімен жоңғардың қаптап келе жатқан қалың қолының жолын бөгеп, Түркістанға қарай өткізбей қойган. Мергендер таудың жар-құзына бекініп алып ойда, өзен жағалап келе жатқанжоңғарларды баудай түсіре берген. Амалы құрыған жау кері шегінген. Бір қақтығыста Жарықбас бір топ жаудын ортасына түсіп қалады, сонда ол көбісін сойылға жығып аттарын айдап кетеді.

Жоғарыда аталған естелік - мақаласында Таластық Тоғабай Бегалиев: "Есей билердің ішіндегі ен шабыттысы еді. Именбей турасөйлеп, дауды тез бітіретін шешен еді", - деп отыратын Үсіпөлі атамыз, - деп жазады. Шынында, ел арасында Есей би айтыпты дейтін бітімді, кесімді тапқыр шешен сөздер, нақыл, мақал-мәтелдер, ойлы образды тіркестер аз кездеспейці. Бірер мысал келтірейік:

Есей би жайлы аңыздар

Есей бидің тапқырлығы

Есейдің жастау кезі болса керек. Ол бірде саудагер, бақалдың үстінен түсіпті. Әлгі саудагер "ананы, мынаны әкеп беремін" деп, жұрттың тоқты-торым, тана-торпағын жинап әкете беріпті. Сонда Есей "бұл саудагердің сөзін алма бөзін ал, егер бермесе өзін ал" депті. Содан былай қарай, ол ауылға алдамшы саудагер қулар жоламайтын бопты.

Есей бидің тапқырлығы

Есей жолаушылап келе жатса, алдынан бір жалшы шығыпты.

көрсете гөр, Балдызга құсалықпен қор боп жүрген, - Сорлап жүрген. Еш жерден пана таппай, Зарлап жүрген, - деп мұңын білдіреді.

- Биеке, келгеніңіз мұндай жақсы болар ма? Мынау байдан сауыс сұрай келіп ем, өңкей қотыр ешкісін көгендетіп отыр. Есей би ол байдың үйіне бұрылмастан көген басына барыпты. Қараса, оншақты қотыр ешкі көгендеулі тұр дейді. "Аттан түсіңіз, қонақ болыңыз" деген әлгі байта: "Мен саған қонақ болмаймын: әуелі анау қойшыңа саусын бер, саусын берсең, сауын бер, қотырыңды қайтып ал, өзің емдеп жазып ал!" депті де, жүріп кетіпті.

Есей бидің тапқырлығы

Есейдің қырғыздан алған әйелінің әкесі сегіз ағайынды болған дейді. Қырғыздар оларды "сегіз сері" ауылы деп атайды екен. Сол қайын семсының үлкен ағасы 63 жасында 20 жастағы кедейдің қызына құда түседі. Жас қызды Шоңбай малға жығып үшінші тоқалдыққа алмақшы болады. Ағайындарының "мұның әбестік, ақылға кел, бүлдіршіндей баланың басынғаны" дегеніне көнбейді. Қыз да шалға тигісі келмейді, келісімін бермейді. Әбден амалы таусылган қыз Есей жездесіне хат жазады:

- Қызы едім мен кедейдің, Жезде Есей жәрдеміңді?

Есей келіп әңгіме кеңес басталады. Халық Есейдің аузына қарайды. Шалдың алпыстан асқандағы желігуін жақтырмаған Есей:

- Бай мен бай құда болса,

Бір-біріне зорға жүрер.

Арасында жорға жүрер,

Көрі мен жас жараспас

Кедей мен кедей кұда болса,

Біріне-бірі қараспас, -

Арасында дорба жүрер.

Пайымы бар қария

Бір бай, бір кедей құда болса

Бұл сөзіме таласпас, - дегенде Шоңбай:

- Мақұл ғой, Есей күйеу, айтқаныңның бері жөн сөз. Өзімде ұялып отырмын, - деп райынан қайтыпты. Қыз азаттық алып, кейін өз теңіне қосылыпты дейді ел.

Есей бидің тапқырлығы

Есей айтыпты дейтін мынау нақыл сөздер да экспедиция кезінде ел аузынан алынған-ды:

Өсиетке терең бол Ит жақсыны да, жаманды да

Өсек сөзге керең бол. қабады.

Кедеймін деп налынба,

Жалақор өз жазасын өзі табады.

Арыңцы сатып жалынба.

Ағайынмен жауласпа,

Бұл атацнан қалған арық Басың азаяды.

Егін ек те бол қарық.

Көршіңмен дауласпа,

Атаңның ботасын алма, батасын ал,

Асың азаяды.

Бота өліп қалады, батадан бағың

Етегің түріп елге жет, жанады.

Терің төгіп еңбек ет.

Сөйтіп, Есей кім деп жүрсек, ол сонау жаугершілік заманда бытырап жүрген қазақтын басын біріктіріп, қоныстандырған ел қамқоры, сыртқы жаудан елін қорғаған атақты Абылай, Төле би, Қабанбай, Бөгенбай сияқты ел басы, халық батырларының үзеңгілес замандасы боп шықты.

Есей биден тараған ұрпақтар бүгінде Жамбыл облысының Талас және Шымкент облысының Бәйдібек, Түлкібас аудандарында еңбек етеді. Естелік айтушылардың сөзіне Караганда Есей би алты әйел алған өсіп-өнген жан көрінеді. Метейін деген бәйбішесінен Жолбарыс батыр, екінші әйелі Жомарттан Сармырза, Жұлдыз, Жұмыр, Көзжаман, үшінші әйелі Мырзабикеден Қалмақшы, Өтеп, Құлболды, төртінші әйелінен Есмұрат - лақап аты Күсей. (Осы күнгі Бөйдібек ауданының Бөген совхозында тұратын Күсей - Тазша деп аталатын ел сол Күсейден таралған болуы мүмкін). Есей, Есмұрат қартайған шагында сол жерге келіп мекен еткен деген сөзде бар. Есейдің бейіті сол Боген совхозына жақын жерде. Есей бидің соңғы екі әйелі қырғыз бен өзбек жұртынан. Олардан өсіп-өнген ұрпақтар да сол өңірде тұрады.

Мінекей, Есей би осындай өсіп-өнген өнегелі елдің түп атасы, ел қамқоры, ел басшысы, қазақтың айтулы азаматтарының бірі бопты.

<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есей би|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}