Есеболатұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЕсеболатұлыАлматы облысының Ақсу ауданындағы ауыл, әкімш. округ орталығы. Аудан орталығы — Жансүгіров кентінен шығысқа қарай 10 км жерде, Қайрақкөл тауының солтүстік бөктеріндегі, бұта аралас сұлыбас, бетеге, қылқан селеу, жусан өскен қоңыр топырақты қуаң далалық белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,5 мың адам (1999). 1963 — 97 жылы қызылша өсірумен айналысатын “Діңгек” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылы шаруа қожалықтары құрылған. Ауылда орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}