Есбол (Индер ауданы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Есбол (бұрынғы атауы - Кулагино<ref>Индер ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы</ref>) — Атырау облысы, Индер ауданындағы ауыл. Есбол ауылдық округінің орталығы. Жайықтың оң жақ бетіндегі тарихи елді мекендердің бірі.

Географиялық орны

Облыс орталығы - Атыраудан 150 км, Индерден 45 км жерде орналасқан. Ірі елді мекендер арасы асфальт жолдармен жалғасқан.

Тарихы

«Ақжар» деп аталатын биік жар қабағынан салынған әскери бекіністі 1740 жылы Орынбор губернаторы И. И. Неплюевтің бұйрығымен кеңейтіп қайта салу ісі қолға алынады. Осы қамалдағы ішкі шаруашылықты басқаратын А.И. Кулагин деген кісінің есімі бірте-бірте ауылдың атына айналып, қазақтың Ақжар атауы ұмыт қалады<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>.

Халқы

Тұрғыны 4307 адам (2009)<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>.

Инфрақұрылымы

Мұнда өкпе аурулары диспансері, учаскелік аурухана, базалық кітапхана, орман шаруашылығы, агроөнеркәсіптік техникалық жабдықтау бөлімі, балалар бақшасы, мектеп, клуб, байланыс бөлімі, тұтынушылар қоғамы сияқты мекемелер мен кәсіпорындар бар.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Индер ауданы елді мекендері