Есберген Тоқшылықұлы Божанов
Есберген Тоқшылықұлы Божанов (1 мамыр 1943 жылы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған) – физика-математика ғылымының докторы (1997 жылы), профессор (1993 жылы). Қазық Мемлекеттік Университетті (1965 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) және аспирантурасын (1970 жылы) бітірген. 1965–73 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институтында қызмет істеді. 1976–90 жылдары Қазақ политехника институтының Ақтау қаласындағы жалпытехника факультетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, декан. 1993 жылы бөлімше Ақтау политехника институты болып құрылып, оның ректоры болды. «Исследование проблем устойчивости упругих тел, гибких пластин и оболочек и их приложения» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның негізгі ғылыми жұмыстары қолданбалы математика саласына арналған. 100-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 6 монографияның авторы.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>