Ерғали Мұхитдинов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ерғали Мұхитдинов (1.7.1950 жылы туған, Ордабасы ауданы Қарааспан кеңшары, Жамбыл бөлімшесі) – Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1984), профессор(2001). Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1978). 1978–96 жылы институтта аға оқытушы, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, 1996 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, 2005 жылдан Көлік және коммуникация академиясының дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі. ҚР қазақша күрес федерациясының төрағасы, президенті (1981–96). 30 ғылыми еңбегі жарияланған, 7 оқу құралы шыққан. <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />