Ерік Асқаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерік Асқаров - 10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданының, Ворошилов ауылында дүниеге келген.

1983 жылы Алматы Көркем театр институтын бітіріп, режиссер мамандығын алған.

Республикалық Қазақ телевизиясында режиссер, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан жазушылар одағы әдеби қорының директоры болған, Көкшетау, Астана қалаларында қызмет атқарған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Шығармалары

  1. «Қарлығаш»,
  2. «Жетіген»,
  3. «Ақ-қудың көгілдірі»

-атты жыр жинақтарының авторы.

  1. «Біржан сал»,
  2. «Петропавловск — қызылдардың қаласы»

-атты пьесалардың авторы.

Жетістіктері

Айтыскер ақын ретінде көптеген айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған. И.Гогольевтің «Наарасуох», Л.Табукаиевилидің «Арманымның ақ құсы» пьесаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан жазушылар одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының (1988), Қазақстан Жастар одағы сыйлығының (1990) лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}