Еріксіз сәуле шығару

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еріксіз сәуле шығару , индукцияланған сәуле шығару — кванттық жүйелердің сыртқы (мәжбүрлеуші) сәуле әсерінен электрмагниттік сәуле шығаруы. Еріксіз сәуле шығару кезінде шығарылған электрмагниттік толқынның жиілігі, фазасы, полярлануы және таралу бағыты сыртқы толқынның сәйкес сипаттамаларымен бірдей болады. Еріксіз сәуле шығарудың сыртқы әсерсіз өздігінен шығатын сәуледен принциптік айырмашылығы бар. Еріксіз сәуле шығарудың болатындығын, жылулық сәуле процестерін кванттық теория тұрғысынан теориялық жолмен талдай отырып, 1916 ж. А.Эйнштейн тұжырымдаған. Кейін ол тәжірибе жүзінде дәлелденді. Еріксіз сәуле шығару — жұтылу процесіне кері процесс: Эйнштейн коэффициенттері арқылы анықталатын Еріксіз сәуле шығару мен жұтылу процесінің ықтималдықтары бір-біріне тең әрі шығарылатын фотонның мәжбүрлеуші фотоннан ешбір айырмашылығы болмайды. Сондықтан Еріксіз сәуле шығару кейде теріс жұтылу деп те аталады. Қалыпты жағдайларда жұтылу Еріксіз сәуле шығарудан артық болады. Бірақ, егер затта қандай да бір екі энергия деңгейінің қоныстану инверсиясы болса, онда сол затқа жиілігі осы деңгейлердің арасындағы кванттық ауысудың жиілігімен бірдей сәулемен әсер еткенде, Еріксіз сәуле шығару жұтылудан артық болады әрі оның қарқындылығы өздігінен шығатын сәуле қарқындылығынан бірнеше есе артуы мүмкін. Бұл жағдай кванттық электроникада пайдаланылады.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еріксіз сәуле шығару|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}