Ертіс жаншылу белдемі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ертіс жаншылу белдемі Алтайдағы Зайсан геосинклиналь жүйесінің ірі тектоникалық құрылымы. Оның Қазақстандағы бөлігі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Теректі ауданының маңынан өтетін Қазақстан – Қытай шекарасынан Батыс Сібір ойпатына дейін солтүстік-батыс бағытта 450 км-ге созылып жатыр. Ені 200 – 300 м-ден 15 – 20 км-ге дейін.Ертіс жаншылу белдемін алғаш зерттеп, сипаттама беріп картаға түсірген геолог В.П. Нехорошев (1932) болды. Бұл белдем бір-біріне жанаса параллель не сүйір бұрышпен ұштасқан үлкенді-кішілі көптеген жарықшалардан тұрады. Белдем шегіндегі тау жыныстары күрделі қатпарланған, өте күшті метаморфизмге ұшыраған, кристалды тақтатастарға, амфиболиттерге, гнейстерге айналған. Ертіс жаншылу белдемі төменгі палеозойда жер қыртысының үлкен әрі терең жарылымы бойында қалыптасып, бүкіл палеозой бойы қозғалмалы құрылым ретінде дамыған. Ол іргелес жатқан Кенді Алтай мен Қалба-Нарын жоталарының геологиялық тұрғыдан ерекше дамуына, Кенді Алтай полиметалл және Қалба-Нарын сирек металдар белдеулерінің қалыптасуына себепші болған табиғи шекара. Белдем бойында бірнеше ірі мыс-колчедан (Белоусовка, Березовка, Николаевка, т.б.) кен орындары орналасқан.

<ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ертіс жаншылу белдемі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}