Ерте дүниедегі халық астрономиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерте дүниедегі халық астрономиясы (қосымша оқу ушін.) Ертедегі адамдардың астрономия туралы білімі өр түрлі ертегі, аңыздармен астасып жатады. Оларға аспан әлемі толып жатқан аңдар мен құстардың, адамдар мен құдайлардың мекені болып елестейтін. Тарихи дөстүр бойынша астрономияда қолданылып жүрген көптеген атаулар ертедегі грек мифологиясынан алынган.

Аспан денелері туралы қазақ аңыздарының сарыны гректердің мифологиясына ұқсас. Бұл тегін емес. Тарихтың атасы Геродоттың айтуынша, «киіз туырлыкты, шошақ бөрікті, бие сүтін ашытып ішетін» біздердің арғы скиф-сақ бабаларымыз б.з.б. V I I - V I ғасырларда Эллада (Грекия) елімен де етене араласып тұрған. Бұл Алтай мен Алып (Альпі) тауларының арасындағы скиф-сақ мөдениетінің дөуірлеген кезеңіне сәйкес келеді. Оған бірінші дөлел ретінде археологиялық зерттеулерден табылган аса кұнды материалдық-мөдени айғактарды келтіруге болады. Мысалы, Алматы маңындағы қорғаннан табылған «Алтын адам» да, жоғарыда айтылган «астрономиялык қорғандар» да осы кезеңге түспа-түс келеді.

Екінші дәлел - Геродоттың және баска да грек ғұламаларының скифсак жұртынан шыққан біздің арғы бабаларымыз туралы қалдырған деректері. Солардың ішінде екі адамды беле-жара сипаттайды. Олардың бірі - Тоқсары (Токсарис шамамен б.з.б. VII-VI ғғ.), екіншісі - Анақарыс (Анахарис шамамен б.з.б. 620-555 жж.). Бұларды гректер сол кездегі данышпан Солон бастаған әйгілі жеті ғұламалардың қатарына қосқан екен. Сонымен қатар скифтерден шыққан мұндай ғұламалар екі-үш адаммен ғана шектелмесе керек. Оны атақты Страбонның: «... Анақарыс пен Абарис және солар сияқты тағы да басқа скифтер элладалықтардың арасында керемет даңққа бөленді. Себебі, олар өз халқына төн кішіпейілділік, қарапайымдылык, өділдік сияқты асыл қасиеттерін бойына жинаған еді... . Эфордың айтуы бойынша... Анақарысты аскан ұстамдылығы мен ақылдылығы үшін өйгілі жеті ғүламаның бірі ретінде таныған екен» деген пікірлері растайды.

«Анақарыс аңызға айналған скиф, өзінің Грекияға жасаған саяхаты кезінде даналығымен даңкка бөленді және Солонның ықпалымен емірін философия ғылымына арнады» деп, Платонның өзі де мойындаған (Шығармалар, 3-т, 622-бет). Анақарыстың білімдарлығы мен шешендігі философиямен ғана шектеліп қалмаған. Ол кемені жетілдіруші, оның зөкірін (якорь) ойлап табушы ретінде де белгілі болған. Кемелерді жасайтын материалдың берік болуына мөн беріп: «өмір мен өлімнің арасы төрт-ак елі» деген сөз Анақарыстан қалған. «Ең қауіпсіз кеме қандай?» деген сұраққа, оның: «қайраңда тұрған кеме» деген жауабы да тарихта сақталып қалды.

Диоген болса: «Кеменің зөкірі мен дөңгелегін ойлап тапқан Анақарыс» деп анықтай түседі. Платон оны өскер маманы ретінде де жоғары бағаласа, ал «философия мен физиканың атасы» Аристотельдің өзі Анақарыска үш-төрт сілтеме жасайды. «Адам ізгі істерге кірісердің алдында, өдетте, көңіл сергітеді» дейді Аристотель. Анақарыстың пайымдауы бойынша: «бұл дұрыс өдет, өйткені сергек көңіл жүйкені демалдырады, тынымсыз жұмыс жасау үшін де тыныс керек» деп ой түйеді.

Токсарыға келер болсақ, оның даналығы, тіпті «өлген адамды тірілте алатын» балгерлігі хақында аңыз-хикаялар көп-ақ. Ол туралы атақты кианның «Скиф жөне қонақ» деген шығармасынан бір ауыз сөз келтірейік. «Токсары Скифияға қайтып оралмаған, ол Афинда қайтыс болды, кейіннен ұлттык қаһарман ретінде танылды. Элладалыктар оған жат жерден келген Балгер-Өулие ретінде жыл сайын кұрбандық шалады».

Өз еліне қайтып оралған Анақарыс «қызғаныштың қызыл итінің» құрбаны болып, оққа ұшыпты. Оның өліміне бүкіл Грек ғұламалары күңіренгенге ұксайды. Ол туралы Диогеннің бір ауыз жоктау өлеңі латын антологиясында сакталып, бізге де жетіп отыр.

Анақарыстың қайғылы қазасының себептерін одан кейінірек өмірге келген Геродот (б.з.б. 490, 480-425 жж.) терең зерделеген сияқты. Оның пайымдауына сүйенсек, Анақарыс өзінің нағашы жұрты - туған шешесінің төркіні гректердің көп құдайларының бірі - «Ана Құдайды» пір түтып, скиф-сақтардың санасындағы көк тәңірі «жалғыз құдай» деген сенім-нанымына қайшы келген болу керек. Анақарыс өз бетінен қайтпаған және оған еліктеушілер де табылған. Сөйтіп ол «Ана Құдайға» жалбарыну үстінде тоғай ішінде садақ оғынан мерт болған.

Шындығында да, гректер аспан денелеріне өздерінің көптеген «құдайларының» атын берсе, скифтердің және олардың кейінгі буындарының бір бұтағы болатын қазақтардың аңыздарында аспан денелеріне жалғыз құдай аты жапсырылмаған. «Құдайдың жалғыздығы» - «табиғаттың біртүтастығы» деген озык сенім сол кезде-ақ скиф-сақтарда берік қалыптаса бастаған еді.

Қазақтардың аңыздарында аспан денелерінің қозғалыстары табиғи нанымдылығымен ерекшеленеді. Мысалы, өлемнің айналу осінде орналасқан «қозғалмайтын» жұлдызды, қазақтар «Темірқазык» деп атаған.

Аспанда орнын ауыстырмайтын «Темірказыкка» қарап, қазақтар сапар шеккенде жол бағдарын анықтайды. «Темірқазықты бетке ал» немесе «Темірказык сол иығыңда болсын» деп жолаушыға жол сілтеген. Қазақ аңыздарында көп айтылатын планеталар мен жұлдыздар мыналар: «Темір- қазық» - Полярлық жұлдыз; «Жетіқарақшы» - Үлкен Аю; «Шолпан» - Венера; «Үркер» - Плеяды, «Акбозат, Көкбозат» - Кіші аюдағы ең үлкен ақшыл және көгілдір екі жұлдыз; «Таразы» - Ориондағы қатар тізіліп тұрған үш жұлдыз, кейде оны «Үш аркар» деп те атайды.

Аңыз бойынша «Ақбозат пен Көкбозат» күзетшісі бар және «Темірказыққа» байланған арқандаулы жылқылар. «Жетіқарақшы» оларды түні бойы аңдып, соңдарынан қалмай жүрген ұрылар. Бірақ Күн - «күзетші» шыға келеді де, оларды қуып тастайды. Алайда қрылар түн жамыла қайта «іске» кіріседі.

Қазақ аңыздарында «Жетіқарақшы» аттарды қолға түсіре алмай жүрген жай ұрылар емес, тіскаккан қандыбалақ қарақшылар. Тағы бір аңызда олар «Үркердің» бір қызын алып қашып, қарақшылардың біреуіне еріксіз косады. Шындығында, Үлкен Аю (Жетіқарақшы) ожауының сабындағы ортаңғы жұлдыз, көмескі көрінетін ңос жұлдыздан тұрады. Сондыктан ертеде үлкен өркениетке ие болған американдық үндістер соған қарап көздерінің көргіштігін (өткірлігін) сынаған. Үндістер қос жұлдыздың өлсізін - бала, үлкенін - кемпір деп сипаттаған. Қазақтардың аңызында көмескі қос жұлдыздың бірі - ұрланган қыз, ал екіншісі - зорлықшыл қарақшы.

Күнге ең жақын планета - Меркурийді қазақтар «Кіші Шолпан», ал Күн жүйесіндегі алып планета - Юпитерді «Есеккырған» деп атайды. Сол сияқты: Марс - «Қызыл жұлдыз», Торпақ шокжұлдызындагы шашыраңқы жұлдыз шоғыры «Үркер» деп аталады. Сириусты (Солтүстік жарты шарындағы ең жарық жұлдыз) - «Сүмбіле» деп атаган. Қазақтарда жұлдыздар мен планеталардың қозғалыстарына қарап жасалған күнтізбелер, айтізбелер, жұлдызтізбелер болған. Мысалы, айтізбесін «тоғыс» деп атаған. Сондай-ак қазақтар арасында «тоғыз тоғыс», «жеті тоғыс», «бес тоғыс» деп аталатын ұғымдардың ғылыми терең мағынасы бар. Бұл ұғымдар казіргі ғылым тіліндегі «сидерлік», «синодтық» деп аталатын айтізбелерімен үндестік табады. <ref>Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Астрономия жайлы жазылса

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Phys-stub