Ертазин Хамза
Хамза Ертазин – экономика ғылым докторы (2005 ж.).
Қысқаша өмірбаяны
Үлгі:Infobox Biography
Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
1968–71Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы «Тәуіп» кеңшарында экономисті;
1971–74Ырғыз ауданы ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы;
1974–83ҚР ауыл шаруашылық министірлігі жанындағы Қазақтың ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және экономика ғылыми-зертхана институтында аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер;
1983–86ҚР Мемлекет жоспарлау к-ті жанындағы экономика ғылыми-зертхана институтында мал шаруашылық мәселелері бойынша аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі;
1986 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және жоспарлау кафедрасында ұстаз болып қызмет атқарады.
2005 ж. «Проблемы развития агробизнеса в условиях рыночных отношений (на материалах Республики Казахстан» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Ол негізінен ауыл шаруашылығын реформалау, нарықтық қатынас кезіндегі кәсіпорындар түрлерінің құрылуы мен дамуы, оның экономика тиімділігін арттыру, агробизнестің қалыптасуы мен дамуы мәселелерін зерттеумен айналысады. Ертазин Хамза 50-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде 4 монографияның авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>