Ерсайын Қайырлыұлы Жапақов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ерсайын Қайырлыұлы Жапақов (15.1.1961 ж.т., Ресей, Саратов облысы, Александров Гай ст.) — журналист, суретші, әуесқой композитор. 1978 ж. Бөкей ордасы ауданының Байқұтты аулындағы орта мектепті, 1987 ж. ҚазМУ-дің журналистика ф-тін бітірген. 1987-94 ж. аралығында республикалық газеттерде жұмыс істеді. 1995 жылдан сурет салумен айналысады, оның сыршырайлы (живопись) картиналары Алматы қаласындағы «Ойпішімнен - Мамыражайға» (1998), «Мамыражай-1» (1999), «Өнердің құлақкесті құлы(В.Ван Гог) немесе Жаңа үшінші мыңжылдықты қарсы алу» (1999) атты дербес көрмелерін, сондай-ақ Лиссабон (Португалия) қаласындағы «Шабыттың шалқар бастауы» (1998) атты халықар. көрмеге қойылды. Дадаизм әдібімен бейнелеген көптеген туындылары отандық және шетелдік коллекционерлердің қорына алынған. Сонымен бірге Ерсайын өлең жазып, ән шығарады. Оның «Наурыз», «Аңсарым», «тұран елі» атты хиттары республикалық жұртшылығына танымал «Үркер» тобының репертуарынан тұрақты орын иеленді.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub