Ермек Өтетілеуов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ермек Өтетілеуов (1938-2006) - 1 қаңтарда Ақмола қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. 1962—1964 жж. Целиноград (қазіргі Ақмола) облысы, Қорғалжың аудандық газетінде қызмет істеген. 1964— 1974 жылдары республикалық «Балдырған» журналында, 1974 — 1976 жж. «Жазушы» баспасында редактор, ал 1976 жылдан бастап «Жалын» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі болып істеді.

Шығармашылығы

Ақынның алғашқы өлеңдері алпысыншы жылдары жарық көре бастады. Жекелеген әңгіме, өлеңдері орыс, болгар, украин, грузин, армян, азербайжан, татар тілдеріне аударылған. Біраз өлеңдері балаларға арналған басылымдарға, қазақ мектебінің оқулықтарына енген. Қазақ тілінде оның аудармасында Л.Толстойдың, Д.Ушинскийдің балаларға арналған әңгімелері, С.Михалков, О.Дриз, Я.Аким, Б.Заходер, П.Реброның өлеңдері жарық көрді.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}