Ермек Әбілдаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ермек Әбілдаев (28.2.1948 жылы туған., Бәйдібек ауданы Шаян ауылы) – әнші (тенор). Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген артисі (1995). 1965 жылы Алматыдағы эстрада-цирк училищесінің әншілер даярлайтын бөлімін бітірген соң «Қазақконцертте» бірнеше жыл әнші болып шеберлігін шыңдады. 1980 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны профессор Б.Жылысбаевтың класы бойынша бітіріп шықты. Сол жылы «Отырар сазы» оркестріне қабылданып, белді әншілерінің бірі болды. Көрнекті композитор-дирижер Н.Тілендиевтің басқаруымен өткен көптеген концерттерге, фестивальдерге қатысып, бірнеше халықар. байқаулардың лауреаты атанды. Солтүстік Кореяда өткен «Сәуір-94» атты дүниежүзілік фестивальде «Отырар сазы» оркестріне қосылып ән шырқап, көптеген мемлекеттерден келген әншілердің арасынан бірінші жүлдені жеңіп алды. Әншілік шығармашылығына 25 жыл толуына арналған жеке есеп беру концерті табысты өтті. Ермектің орындауында халық әндері «Ақ қурай», «Қызыл бидай», орыстың «Калинкасы», Естайдың «Құсни-Қорланы», М.Маңғытаевтың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» романсы, Н.Тілендиевтің «Алатау», «Сарыжайлау», «Өз елім», «Біздің ағай тамаша», тағы басқа шығармалар бар. Қазақ радиосына жаздырған халық әндері, классикалық, камералық ән-романстары мол.

Дереккөздер

  • Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}