Ермек Нәсіпқалиұлы Марабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ермек Нәсіпқалиұлы Марабаев (1959 жыл 26 желтоқсан, Мәскеу, КСРО) - мұнайшы, иженер, ұлттық мұнай компанияларының басшысы.

Білімі

И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын (1982) кен инженері мамандығы бойынша;

Кингстон университеті магистратурасын (Лондон қ., 2004);

«General management» ХША Мәскеу әлеуметтік және экономикалық ғылымдар мектебін бітірген (2004).

«Үңғыманың вертикалды діңгегіндегі қайтарушы» авторлық куәлігіне ие (1986). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

Биографиясы

  • 1982 жылдан - Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шеберінің көмекшісі, бұрғылау шебері.

1984 жылдан Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасының бұрғылау шебері, ауысым бастығы.

1987 жылдан - Құмкөл тереңнен бұрғылал пайдалану экспедициясы бастығының орынбасары, бас инженері, бастығы.

1989 жылдан - Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасының кәсіподақ комитетінің төрағасы.

1991 жылдан - Маңғыстау облыстық табиғат қорғау комитетінің белім бастығы, Маңғыстау облыстық экологиялық және табиғат пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

1993 жылдан «Қазақстанмунайгаз» компаниясының сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің бас маманы, мұнай, маркетинг және коммерциялық операциялар жөніндегі департаментінің бастығы.

1995 жылдан - Лондондағы ҚР сауда үйінің мұнай департаментінің бастығы, «Дрилкон Инк.» фирмасының Қазақстан Республикасындағы кеңесшісі, Қазақстандағы американдық компания филиалының басқарушы директоры.

1997 жылдан «ҚуатАмлонМұнай » БК бас директорының орынбасары.

1999 жылдан - «Харрикейн Құмкөл Мұнай» ААҚ вице-президенті.

2001 жылдан - «Шевронмұнайгаз» компаниясының коммерциялық менеджері.

2005 жылдан - «Кұрманғазы Петролеум» ЖШС бас директоры.

2007 жылдың сәуір айынан - АҚ «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, 2007 жылдың қыркүйек айынан бері - бас директоры.

Наградалары

«Қазақстан мұнайына 100 жыл» белгісі,

«Самұрык-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (2009) Құрмет грамотасы.

Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.

Отбасы

  • Әкесі - Марабаев Нәсібқали Әбуғалиұлы (1936-2007), «Мұнайшы» ҚҚ негізін қалаушы, көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға зор улес қосқан.
  • Анасы - Марабаева Ләйлә Оқанқызы,зейнеткер, Маңғыстау облысының мұнай-газ комланияларының кадрлар бөлімінің жетекшісі болған.
  • Інісі - Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы
  • Қарындасы - Марабаев Сәуле Нәсіпқалиқызы
  • Жұбайы - Марабаева Алмагүл. 4 баласы бар <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>.

Дереккөздер

<References/>