Ермек Бекенұлы Нұғманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ермек Бекенұлы Нұғманов 1957 жылы 20 қыркүйекте Ақмола облысы Алексеевка ауданы Байлысты ауылында туған.


Әкесі - Нұғманов Бекен, зейнеткер, аудандық баспаха- нада директор болып жұмыс істеген. Анасы - Нұғманова Қарашаш, зейнеткер, халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің аға инспекторы болған. Целиноград ауылшаруашылық институтын (1982) бітірген, ғалым-агроном. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан). 1975 жылдан - Көкшетау облысы Уәлиханов ауданы «Золотая Нива» көңшарының механизаторы. 1976 жылдан - Көкшетау облысы Лениноград ауданы «Куйбышев» кеңшарының механизаторы. 1977 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1979 жылдан - Көкшетау облысы Лениноград ауданы «Куйбышев» кеңшарының агроном- есепшісі, 1982 жылдан - еңбек және жалақы бойынша аға экономисі, 1984 жылдан - трактор-егінші бригадасының бригадирі, 1985 жылдың ақпанынан - аға экономисі. 1985 жылдың қарашасынан - Көкшетау облысы Ленин ауданы «Жаңа ауыл» кеңшарының бас экономисі. 1990 жылдан - Көкшетау облысы Көкшетау ауданы «Бұлақ» кеңшарының бас экономисі. 1993 жылдан - Көкшетау облысы Көкшетау аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары, экономика басқармасының бастығы. 1996 жылдан - Көкшетау облысы Көкшетау ауданы әкімінің бірінші орынбасары. 1997 жылдың наурызынан - Көкшетау облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары (1997 жылдың мамырынан - СҚО, 1999 жылдың сәуірінен - Ақмола облысы). 2004 жылдан - Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімі. 2007 жылдың қыркүйегінен бері - Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Қазақстан Конституциясына Южыл» (2005) «Ерен еңбегі үшін» (2008), «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен (2008) марапатталған. Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.К. Ататүрік, Н.Ә. Назарбаев. Хоббиі - домбырада, баянда ойнау. Сүйіп оқитын әдебиеті - I. Есенберлин, М. Әуезовтың, С. Мұқановтың тарихи романдары; Ч. Амирэджибидің «Дата Туташхиа». Үйленген. Жұбайы - Нұғманова Майра Әшімқызы (1961 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. қыздары - Әлия (1983 ж. p.), Ботагөз (1985 жылы туған); ұлы - Еркебүлан (1987 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}