Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі (ағыл. common /joint property of conjoints; нем. Ehegesamteigentum n) - Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік.

Олар:

  • ерлі-зайыптының әрқайсысының еңбек қызметінен,
  • кәсіпкерлік кызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапкан табыстары,
  • ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер,
  • олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-

ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек кабілетін жоғалтуына және баскаларына байланысты залалды өтеуге теленген сомалар) жатады.

Сондай-ақ ерлі-зайыптынын ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражатын ерлі-зайыптының қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптынық ортақ мүлкі болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайғада тиесілі.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}