Ерлан Тынымбайұлы Қарин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ерлан Тынымбайұлы Қарин (26 мамыр 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы) - мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым. 2014 жылдың 16 қазан күнінен бастап ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры<ref name="kaz.tengrinews.kz">Ерлан Қарин Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын басқаратын болды</ref>.

Өмірбаяны

Ерлан Қарин 26 мамыр күні 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша оқыған,

1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультетін тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіндегі ішкі саяси аспектілер").

19961998 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде саясаттану кафедрасында мұғалім болған.

19982000 жылдары Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институтының директорының орынбасары.

2000-2003 Орталық Азия саяси зерртеулер агенттігінің директоры.

2004 жылдан 2006 жыл аралығында Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі.

2006 жылы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамдық және саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2008 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол жылдың қараша айында Нұр-Отан партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы болды.

2014дың 16 қазан күні ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды.<ref name="kaz.tengrinews.kz"/>

Дереккөздер

<references/>