Ерлан Кәрімбекұлы Төрәлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерлан Кәрімбекұлы Төрәлиев - 1977 жылы 9 қазанда Қызылорда қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Төрәлиев Кәрімбек, зейнеткер, мектеп директоры қызметін атқарған. Анасы - Жеңсікбаева Тыныштық, зейнеткер, Қызылорда облыстық дәріханалар басқармасының бақылау -талдау зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істеген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін (1999) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін (2001) «Экономика және менөджмент» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.

  • 1999 жылдан - «Фармация» ААҚ экономист-менеджері.
  • 2001 жылдан - «Ромат» ЖШС фармацевтикалық компаниясының Қызылорда бөлімшөсінің директоры.
  • 2002 жылдың ақпанынан шілдесіне дейін - «ICS» ЖШС инспекторы.
  • 2002 жылдың қазанынан - Қызылорда облыстық энергетика, құрылыс және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы.
  • 2003 жылдан - Қызылорда облысының әкімі аппаратының индустриялық даму бөлімінің жетекші маманы, 2004 жылдың желтоқсанынан - бас маманы.
  • 2005 жылдың қаңтарынан - Қызылорда облысының әкімі аппаратының бас инспекторы.
  • 2006 жылдан - Қызылорда облысы құрылыс басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2007 жылдан - Қызылорда облысы құрылыс департаменті директорының орынбасары.
  • 2008 жылдың наурызынан - Қызылорда облысы құрылыс басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2008 жылдың шілдесінен - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2009 жылдың қаңтарынан бері - Қызылорда облысы құрылыс басқармасының бастығы.

Діни көзқарасы - сенім иесі.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Дж. Кеннеди.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Мен Қазақстанның келешекте дамыған елдердің арасынан алға озып шығатынына сенімдімін».
Хоббиі - автокөлік, спорт, сапалы кинофильмдер көру.
Сүйіп оқитын әдебиеті - шытырман оқиғалы және тарихи кітаптар.

Үйленген. Жұбайы - Балжанова Гүлназ. 2 ұлы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub