Еркін Тілеуғазыұлы Қапесов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еркін Тілеуғазыұлы Қапесов - 1960 жылы 15 наурызда Семей облысы Шұбартау ауданында туған. Қазақ. Алматы мемлекеттік театр-көркем институтының театр факультетін (1986), драмалық театр және кино актері; Халық әртісі М. Байсеркеновте режиссура курсын бітірген (1989- 1991); ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік басқару» мемлекеттік қызметшілер курсынан өткен (2005). 1986 жылдан - Абай атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері. 1991 жылдан - «Қазақ тілі» аудандық қоғамының жауапты хатшысы, «Қазақ тілі» қалалық қоғамы төрағасының орынбасары (Алматы). 1993 жылдан - «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамында алқа мүшесі. 1995 жылдан - Алматы қаласы Түріксіб ауданы Туризм және спорт жастар істері комитетінің төрағасы. 1997- 2004 жылдары - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының оқытушысы. 1998 жылдан - Алматы қаласы мәдениет департаменті директорының орынбасары. 2000 жылдан - ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ұлт саясаты және тіл бөлімінің басшысы, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы директорының орынбасары. 2004 жылдың мамырынан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өнер департаменті тeатр өнері бөлімінің бастығы. 2005 жылдан - Қазақ ұлттық музыка академиясының «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының оқытушысы (Астана). 2007 жылдан бері - М. Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театрының директоры және көркемдік жетекшісі. Жұмыс кезеңі ішінде театры ұжымы алғаш рөт халықаралық фестивальдарға қатысты: Испанияда өткөн Халықаралық фестиваль (Гранада, 2007); «Ресейдегі кездесу» ТМД және Балтық елдерінің драма театрларының халықаралық фестивалі (Санкт-Петербург, 2007, 2010); «Мәңгілік Шекспир» халықаралық фестивалі (ҚХР, Пекин, 2008) және т.б.; Өскемен, Алматы, Қарағанды және Челябинск (Ресей) қалаларына гострольдік сапарлар жасалды. Республикалық, халықаралық форумдарды, конференцияларды, семинарларды жоғары кәсіби деңгейде өткізуді ұйымдастырғаны үшін ҚР Мәдениет министрлігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен бірнеше дүркін марапатталды, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының «Ана тілі айбары» кеуде белгілері берілді, «Мәдениет қайраткері» (2010).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub