Еркін Ермекұлы Сапақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еркін Ермекұлы Сапақов - 1974 жылы 29 шілдеде РКФСР Новосібір қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Сапақов Ермек Ақбарұлы, «Қазақмыс прожект инжиниринг» корпорациясының еншілес компаниясының директоры. Анасы - Сапақова Галина Владимировна, зейнеткер. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Қаржы және несиe» факультетін бітірген (1996), экономист. Қазақ, орыс және ағылшын (ауызекі) тілдерін біледі. 1996 жылдың қарашасынан 1997 жылдың қаңтар айына дейін - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылығының мемлекеттік бюджетінің мониторингі және жоспарлануы бойынша бөлімінің қазынашысы. 1997 жылдың наурызынан - Алматы қ. ҚР Орталық стадионы директорының орынбасары. 1997 жылдың қарашасынан - «Шымбұлақ тау шаңғы курорты» БК бас директорының орынбасары (Алматы қ.). 1998 жылдан - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімшілігінің сауда бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылдан - ҚР Президенті Іс басқармасының «Қараөткел» РМК директоры (Астана қ.). 2001 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін - ҚР Президенті Іс басқармасының «Қазақстан» спорт сарайы» РМК директоры (Астана қ.). 2002 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың қыркүйегіне дейін - ҚР Президенті Іс басқармасының мекемелер жұмысын үйлестіру бөлімінің меңгерушісі. 2004 жылдың шілдесінен - Алматы қаласы «Three A Ltd» (Resmi Group) басқарушы директоры. 2005 жылдан - «Технологиялардың инжинирингі және трансферті орталығы» АҚ вице-президенті (Астана қ.). 2005 жылдан - «Kazservice LTD» АҚ директорының орынбасары (Алматы қ.). 2006 жылдан - «Сеймар Альянс» қаржылы корпорациясының «Альянс Ломбард» ЖШС атқарушы директоры (Алматы қ.). 2008 жылдан - «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ қаржы және экономика бойынша директоры. 2010 жылдың қаңтарынан - «Сарыарқа» ӘКК» ¥К» АҚ Экономика, бюджеттік жо- спарлау және сатып алу департаментінің директоры. 2010 жылдың шілдесінен бері - «Қазақстан шипажайы» АҚ (ҚР ІІМ) вице-президенті. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Діни көзқарасы - біркелкі ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Ганди, Ф. Рузвельт, Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономиканың тұрақты дамуы, Ортаазиялық мемлекеттер көшбасшысының күшеюі». Хоббиі - тау шаңғысы спорты, блогтар және web-жобалар. Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер, заманауи фантастика. Қызы - Рахманова Томирис (1999 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub