Еркеғали Серікұлы Еденбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еркеғали Серікұлы Еденбаев - 1975 жылы 19 желтоқсанда туған. Қазақстан банкирі.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1997) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

1997 жылдың маусымынан - ҚР Ұлттық банкі №4 банктік бақылау басқармасы пруденциальді реттеу бөлімінің аға экономисі; 1998 жылдың ақпанынан - әдістемелік бөлімінің бас экономисі; 1998 жылдың тамызынан - банктік бақылау департаменті әдістемелік және талдау басқармасының бас экономисі, 1999 жылдың маусымынан - талдау бөлімінің бастығы. 2000 жылдан - ҚР Ұлттық банкі ББД талдау бөлімінің бастығы. 2001 жылдан - ҚР Ұлттық банкі банктік және стратегиялық бақылау департаменті әдістемелік және талдау басқармасының бастығы. 2003 жылдан - ҚР Ұлттық банкі қаржылық бақылау департаменті әдістемелік басқармасының бастығы. 2004 жылдан - ҚР қаржылық нарықты және қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау агенттігі стратегия және талдау департаментінің директоры. 2007 жылдың қаңтарынан - «Цесна» корпорациясы» АҚ басқармасының басқарушы директоры, 2007 жылдың наурызынан -төрағасы орынбасарының м.а., орынбасары.

2008 жылдың наурызынан бері - «Цесна» корпорациясы АҚ басқармасының төрағасы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}