Еркекқырыққұлақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Еркекқырыққұлақ (Pterіdіum) – кәдімгі қырыққұлақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанның солтүстік, ортүстік шығыс аймақтарында, шөл-шөлейтті жерлерінен басқа, қарағайлы-шыршалы, аралас ормандарындағы ылғалды жерлерде өсетін 1 түрі – кәдімгі еркекқырыққұлақ (P. aquіlіnum) бар. Оның биіктігі 50 – 100 см-дей. Көлбеу өскен жуан тамырынан екі қатар қауырсын тәрізді жапырақтары жетіледі. Алғашқы кезде жапырақтары спираль тәрізді ораулы болады. Олардың жылына тек бір қатары ғана көктейді. Жапырағының астыңғы жағынан екі қатар қоңыр түсті сорустары (өсімдік спорасы дамитын мүшелері) пайда болады. Сол споралар піскеннен кейін жерге түсіп, көктей бастайды. Еркекқырыққұлақ – өте улы өсімдік. Оның шөбін де, сүрлемін де шошқадан басқа мал жемейді. Тамырының құрамында 45%-дай крахмал, сапонин болады. <ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еркекқырыққұлақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}